Қазақстаннан Қытайға теміржол көлігімен жүк экспорты 37% өсті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ҚР мен ҚХР шекаралық темір жолдарының жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  Қазақстан Қытайға темір жол көлігімен жүк экспортын ұлғайтып жатыр.

 ҚР-дан ҚХР-ға 8,3 млн тонна түрлі жүк жөнелтілсе, бұл өткен жылдың алты айынан 37%-ке артық.

Бірінші жартыжылдықта астық жүктерінің экспорты үш есеге, 1 млн тоннаға дейін, металл кені 15%-ке, 4 млн тоннаға дейін, оның ішінде 2,6 млн тонна темір кені өсті, бұл өткен жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 25%-ке артық. Сонымен қатар 220 мың тонна түсті металдар экспортталып, өткен жыл көрсеткішіне өсім 55% құрады және де 75 мың тонна өсімдік майы (70% - ға).

Қытайдан Қазақстанға жүк импорты 2023 жылғы қаңтар-маусымда 13%-ке, 5,4 млн тоннаға дейін өсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеңіл автомобильдер 13%-ке, құрылыс жүктері - 30%-ке, ал химиялық жүктер-5%-ке көп импортталды.

Елдер арасындағы теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 13,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ке артық.

Екі елдің шекара маңы станциялары ұжымдарының бірлескен шаралары мен үйлесімді жұмысы Қытаймен шекара өткелдері арқылы теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы