30 Қыркүйек 2026, 03:45 Фото: pixabay

Қазақстаннан Өзбекстанға жүретін пойыздар саны тәулігіне 60-қа дейін артады

Өзбекстан бағытында Сарыағаш және Оазис станцияларының өткізу қабілеті артты.

Транспорт вице-министрі Жәнібек Тайжанов қазақстандық теміржол инфрақұрылымының бірнеше бағыттағы өткізу қабілетін арттыру жоспарларын бөлісті. Ол бұл туралы Үкімет отырысында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл бағытта соңғы жылдары ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қытай бағытында Достық – Мойынты учаскесінде екінші жол салынды. Алтынкөл станциясы мен Алтынкөл – Жетіген учаскесі жаңартылды. Нәтижесінде Қытай бағытындағы өткізу қабілеті тәулігіне 75 пойызға дейін жеткізілді, – деді Тайжанов.