Қазақстаннан Өзбекстанға жабайы фауна объектілерін экспорттау әрекеті тоқтатылды
Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында орналасқан Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Тәжен» кеден бекетінде жабайы фауна объектілерін тасымалдау әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеден бекетінің қызметкерлері көлік ағынын бақылау барысында техникалық құралдарды пайдалана отырып Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына бара жатқан 1980 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматының жүгінен 64 дана көлемінде жабайы жануарлардың дериваттарын (киік мүйіздері) анықтады.
Көрсетілген материалдар өндіру мақсатында Бейнеу кентінің аудандық полиция бөліміне берілді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның тұрғын үй нарығы
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы