Қазақстаннан өз орнымды тапқаныма ризамын – Рафик Якуб оглы Мирзоев

Алматы қаласының "Барбанг" күрдтер республикалық қауымдастығының басқарма мүшесі Рафик Якуб оглы Мирзоев қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Рафик Якуб оглы Мирзоев қазақ ағайындардың ортасында өмір сүріп, осы елден өз орнын тапқанына ризалығын білдірді. 

Мен осы елдің азаматы, күрділер қоғамдық бірлестігінің өкілі ретінде елдегі болып жатқан жағымды жаңалықтарға қуанып отырамын. Ата-бабамыздың бізге көрсеткен үлгісі осыдай. Біз бұл үрдісті одан әрі жалғастырып, ұрпақ бойына сіңірудеміз. Қазақстан халқының мамыражай күн кешіп, ел іргесі аман, тыныш, бейбіт заман болғаны – біздің де тілегіміз. Өз этносымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарын сақтауға, оларды болашақ ұрпаққа дәріптеуге Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Осындай жағдай жасап отырған кеңпейіл қазақ халқына, ауадай қажет ауызбіршілігімізді сақтап отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына күрд халқы қарыздар. Сонымен бірге  бауырмал қазақ халқына алғысымыз шексіз, – дейді "Барбанг" күрдтер республикалық қауымдастығының басқарма мүшесі Рафик Якуб оглы Мирзоев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы