Қазақстаннан 304 мың долларды заңсыз әкетпек болған шетелдік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» шекара пунктінде 304 мың АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған шетел азаматы ақшаны дөңгелекке жасырған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 27 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаменті «Жайсаң» (автомобиль) өткізу пунктінде тексеру шараларын жүргізу кезінде ақшалай қаражатты шетелге заңсыз әкету әрекеті анықталды.

304 000 АҚШ долларын автомобильдің жүк салғышындағы қосалқы доңғалақтың астына жасыруға тырысқан шетел азаматы ұсталды. Сонымен қатар ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ақша қаражатын әкету (он мың АҚШ долларынан астам) және оларды декларациялау кезінде заңнаманы сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Айта кетейік, материалдар Экономикалық тергеу департаментіне берілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы