19 Қараша 2026, 21:10 Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанға Y-9E әскери-көліктік ұшағы жеткізілді

Алматыға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-көлік авиациясы паркін толықтырған Y-9E әскери-көліктік ұшағы келіп қонды.

Ұшақты жеткізу авиациялық паркті жоспарлы жаңарту аясында жүзеге асырылып отыр. Жаңа ұшақ жеке құрамды, әскери жүктер мен материалдық құралдарды тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
Техникалық сипаттамалары бойынша Y-9E қолданыстағы C-295 және A400M ұшақтарының арасындағы орынды иеленеді.
 
Ұшақтың авиациялық паркке қосылуы ұшу қашықтығы мен жүк салмағын ескере отырып, әуе тасымалдарын барынша икемді жоспарлауға мүмкіндік береді.