27 Қараша 2023 2023, 12:01
Фото: - архив
Қазақстанға Того Республикасының Президенті келеді
Бұл туралы Ақорданың ресми Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі.
Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.