Қазақстанға қар мен үсік қайта келеді: Демалыста ауа райы қандай болады?
Қазақстанда 25-27 сәуір күндері жаңбыр, қар аралас жауын-шашын және үсік күтіледі. Кей өңірлерде бұршақ пен қатты жел болуы мүмкін.
Синоптиктер 25, 26 және 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күшейіп, кей аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.
Елде ауа райы құбылмалы болады
«Қазгидромет» мәліметінше, циклон жырасы Қазақстан аумағы арқылы жылжып, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік өңірлерде жаңбыр аралас қар күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.
Сондай-ақ түнгі және таңғы уақытта ел аумағында тұман түсуі ықтимал.
Үсік жүреді
Синоптиктердің болжамынша:
* 26 сәуірде батыс пен солтүстік-батыста;
* 27 сәуірде солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде
Түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз ауа температурасы төмендейді
Алдағы күндері күндізгі температура төмендеп, мынадай көрсеткіштер күтіледі:
* Солтүстікте: +10…+15°C
* Орталықта: +10…+18°C
* Шығыста: +7…+20°C
* Оңтүстікте: +15…+25°C
Ал еліміздің батысында, керісінше, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Онда +7…+15°C-тан +15…+20°C-қа дейін жылынады.