Апорттың екінші тынысы: Қазақстанға Нидерландтан 7 мың тамырсабақ жеткізілді
Жоба аясында Алматы облысында арнайы учаске іске қосылған.
Қазақстанның бау-бақша саласында сапалы серпіліс жасауға бағытталған маңызды жоба жүзеге аса бастады. Елге Нидерландтан 7 мыңнан астам алма тамырсабағы жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Халықаралық стандартқа сай материал
Жеткізілген телітушілерді іріктеу мен жеткізу тұқымдар мен отырғызу материалдарын сертификаттауға маманданған Naktuinbouw ұйымының ұсынымдарына сәйкес жүргізілді. Ал негізгі жеткізуші – V ermeerderingstuinen Nederland компаниясы. Олар ұсынған өнім basic санатына жатады, яғни халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін, сапасы жоғары отырғызу материалы.
Қазақстанға M9, MM106, MM111, B9, M7, P16 және P22 секілді кең таралған әрі өнімділігі дәлелденген телітуші түрлері әкелінді. Бұл сорттар интенсивті бақтарды дамытуға негіз болады,- деп жазады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Отандық ғылым да қатар дамып келеді
Импортпен қатар, ел ішінде де ғылыми жұмыстар қарқын алған.
Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының зертханаларында in vitro әдісі арқылы шамамен 3 мың өсімдік өсірілген. Олардың ішінде отандық селекцияға жататын клондық түрлер де бар,- дейді министрлік.
Жоба аясында Алматы облысында, нақтырақ айтқанда «Талғар» филиалы базасында арнайы учаске іске қосылған. Онда вирустардан таза телітушілерді өсіруге арналған инфрақұрылым қалыптастырылып жатыр.
Сонымен қатар 1,5 гектар аумақта аналық-қалемшелік бақ салынып, болашақта көшет материалдарын жаппай көбейтудің негізгі көзіне айналады деп күтілуде.
Жоба тек телітушілермен шектелмейді. Қазақстанға әлемдік нарықта сұранысқа ие коммерциялық сорттар да әкелінді,- деп жазады министрлік.
- ҚМА алаяқтардың Агенттік атынан жалған хат таратып жүргенін ескертті 10:18
- Жала жауып, жазасыз қалуға бола ма? Қазақстанда жалған айғақ бергені үшін қандай жаза бар 10:00
- Семей, Түркістан және Жетісуда ірі жол жобалары биыл аяқталады 09:49
- Алматыда көлден оқ-дәрі салынған сөмке табылды 09:33
- БРИКС Қазақстанға не береді: Сарапшылар жаңа нарықтар мен технологиялық серіктестік мүмкіндіктерін атады 09:14
- Астанада Есіл өзені арқылы жаңа көпір салынады 08:50
- Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяның Hanwha Group компаниясының басшылығымен кездесті 08:43