Қазақстанға миллиард теңгенің алтынын заңсыз кіргізбек болған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 сәуірде елорда әуежайында Ыстанбұл-Нұр-Сұлтан бағытындағы халықаралық әуе рейсінің жолаушыларына шекаралық бақылау жүргізу кезінде декларацияланбаған зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекеті үшін ҚР азаматы ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, алтын бұйымдарының жалпы салмағы 34 кг-нан асты.
Ұсталған тауардың алдын ала құны 1 миллиард теңгеден асады.
Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 234-бабы 1-бөлігі (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) бойынша тіркелді.
Ұсталған азамат пен алтын бұйымдар ҚР ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы