Кеше 2026, 20:10 Фото: Ақорда

Қазақстанға Кипр Президенті Никос Христодулидис келеді

Қазақстан мен Кипр стратегиялық әріптестікті нығайтуға ниетті.

2-4 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді.

3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.