Қазақстанға келетін туристерге қауіпсіздік ережесі туралы карточка таратыла бастады

Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаны жүктеуге арналған сілтеме көрсетілген.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады.

SafeTravel.kz-те:

- 102 мобильді қосымшасы, оның ішінде SOS функциясы;

- Көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама;

- Қосымша, сілтеме мен қала картасы;

- Ресми такси мен онлайн-қызмет тізімі;

- Байланыс операторлары мен ресми сайтына сілтеме;

- Түрлі оқиға бойынша әрекет ету алгоритмі;

- Жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтің байланыс нөмірі қолжетімді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы