Қазақстанға инвестицияны қай елдер көп салады

Әлемде тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) қысқаруына қарамастан, Қазақстан көрсеткіштері өсіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәселен 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 17,7%-ға ұлғайып, соңғы онжылдықта 28 млрд АҚШ долларға жетіп, рекорд орнатты. Өз кезегінде, 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ТШИ ағыны шамамен 20 млрд доллар болды.

Экономиканың саласы бойынша ТШИ-дің ең үлкен ағыны әдеттегідей тау-кен өнеркәсібіне келді, яғни 2023 жылдың 9 айында 8,6 млрд доллар.

Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай көлем тіркелді (3,9 млрд. АҚШ долл.), сауда секторында (3,8 млрд. АҚШ долл.), көлік және қойма саласында (854,9 млн. АҚШ долл.), қаржы және сақтандыру қызметі саласында (725,3 млн. АҚШ долл.) және құрылыс секторында (412,7 млн. АҚШ). Сонымен қатар ақпарат және байланыс саласына айтарлықтай инвестиция салынды (319,3 млн. АҚШ).

Инвестор елдерге тоқталсақ, Қазақстанға құйылған инвестицияның көп бөлігі Нидерландқа тиесілі (4,6 млрд. АҚШ долл.). Одан кейін Америка Құрама Штаттары (3,1 млрд. АҚШ долл.), Швейцария (1,9 млрд. АҚШ долл.), Ресей (1,8 млрд. АҚШ долл.) және Қытай (1,4 млрд. АҚШ). Көшбасшылар қатарында Оңтүстік Корея, Бельгия, Франция, Германия және Ұлыбритания да бар.

Облыстар арасында ТШИ тартуда барынша белсенді болғандар:

  • Алматы - 6 млрд доллар (2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға өсті);
  • Атырау облысы - 5,5 млрд доллар (26,2% төмендеу);
  • ШҚО - 1,6 млрд доллар (25,1% төмендеу);
  • Астана - 1,2 млрд доллар (52,3% өсім);
  • БҚО - 880,1 млн доллар (4,4% өсім).

Болжасдарға сәйкес, 2029 жылға дейін Қазақстан кем дегенде 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартпақ. Инвестицияларды тартуға жаңа технологияларды дамыту ықпал етеді. Мәселен өткен жылдан бастап ел бойынша 5G желісі белсенді түрде таратылып жатыр. 

Айта кетейік, тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарып, бірқатар артықшылықтар береді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы