Қазақстанға Албаниядағыдай министр керек пе? – Мәдиев пікірін айтты

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Албаниядағы жасанды интеллект министрлігі тәжірибесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, әр мемлекет өзіне тән жобаларды жүзеге асырады және Албаниядағы министрлік – пилоттық жоба.

Қазақстанда да осындай жобалар болуы мүмкін, бірақ жасанды интеллект министрінің пайда болуы туралы әлі нақты жоспар жоқ. Дегенмен жасанды интеллект негізіндегі көмекшілер министрлердің, депутаттардың және мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын қолдауы мүмкін, – деді министр.

Сонымен қатар Мәдиев жасанды интеллект өнімдерін экономикалық салаларға қарқынды енгізу қажеттігін, бұл бағыттағы жұмыстар ел басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Министр жеке компанияларда жасанды интеллект директорларының пайда болуы ықтимал екенін, бірақ мемлекеттік деңгейде мұндай жоспардың әзірге жоқ екенін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы