Қазақстанға 160 миллиард теңге инвестиция келмек
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға ресми сапары аясында түрік бизнес өкілдерімен келіссөздердің нәтижелері мен уағдаластықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы саласында екі мемлекеттің арасында Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы жылдан жылға нығайып жатыр. Біріншіден, айта кетейік, тауар айналымы 300 млн долларды құрайды. Әрі қарай бұл жұмысты біз күшейтіп жалғастырамыз. Өйткені әлі де резервымыз бар. Айта кету керек, 2018 жылдан бері 23 инвестициялық жоба болған. Соның 18-і іске қосылды. 5-уі қазір жұмыста. Соның біреуі Tiryaki Holding-пен кездесу болды. Өздеріңіз білетінбей бізде бидай көп шығарылады. Сондықтан оны экспорттау үшін Астана қаласында терең өңдеу зауытын ашпақшымыз», - дейді Сапаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Биг Шанхайдағы" өрт: 300 кәсіпкер не істейді?
Өзгелердің жаңалығы