Қазақстандықтарға мопед тіркеуге 6 ай уақыт беріледі

Енді мопедтер міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл норма қай уақыттан бастап қолданысқа енетінін айтты.

Қазір заңға қол қойылып, ол ресми жарияланады. Тиісті норма заң қабылданған кезден бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі, - деді Игорь Лепеха. 

БАҚ өкілдері мопедтерді мемлекеттік тіркеуден өткізу қай уақытта басталатынын нақтылады.

Жарты жыл уақыт беріледі. Мемлекеттік тіркеуден өтуді осы уақыт ішінде аяқтауыңыз керек. Заңға қол қойылған кезден бастап тіркеуден өтуге болады. Оны бірден жасаған жөн. Егер қажетті құжаттар болса, неге тіркеуден өтпеске? 6 ай уақыт береміз. Алтыншы айында барлығы тіркеуден өтуге барады, салдарынан кезек болатыны белгілі. Сондықтан да заңға қол қойылған кезден бастап бір ай ішінде тиісті құқықтық базаны реттейміз, - деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, заң жарияланып, жарты жыл өткеннен кейін мопед міндетті мемлекеттік тіркеуден өтпеген жағдайда ол айыппұл тұрағына қойылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы