Қазақстандықтарға 100 мың теңгеден бастап өтемақы төленетіні рас па

Facebook-те қазақстандықтарға мемлекеттен ақшалай көмек берілетіні туралы жалған жарнама жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлық азаматқа 100 мың теңгеден бастап төлем төленеді екен. Бұл өтірік.

Мессенджерде жарияланымның астында жалған пікірлер жазылған. Оларға сенбеген жөн. Бұл пайдаланушылардың аккаунттарының бірде-біреуінің тарихы ұзаққа бармайды. Олардың бәрі 2023 жылдың сәуірінде тіркелген.

Жарнамада ұсынылған сілтеме Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жалған сайтына апарады. Онда «2020-2029 жылдар аралығында азаматтарға арналған өтемақы жобасы» туралы «жаңалық» жарияланған. Оның мөлшері өткен жылдағы шығындарыңыздан, жұмыс тәжірибеңізден және сатып алу қабілетіңізден құралады екен. Бұл халықтың сатып алу және еңбек қабілетін ынталандыру үшін жасалуда.

Алаяқтардың айтуынша, бұл төлемдер тек 2024 жылдың соңына дейін ғана төленеді, сондықтан ақпаратты бүгін тексеру керек.

Ол үшін пайдаланушыға үлкен көк «Өтемақы алу» түймесін басу ұсынылады. Одан әрі жеке деректерді, соның ішінде ЖСН, банк картасының нөмірін және сvv/CVC кодын жазу қажет. Оларды мүлдем айтуға болмайды.

Фейк жаңалықта жақсы кеңес те берілген: «Азаматтардан тек ресми көздерден тараған ақпаратқа ғана сенуді сұраймыз». Бұл өз әсерін беруде. Еңбек министрлігінің ресми сайтында әрбір қазақстандыққа төленетін өтемақы туралы мұндай жаңалық жоқ. Ресми мемлекеттік порталдар мен бұқаралық ақпарат құралдары да өтемақы туралы хабарлаған жоқ. Таралған ақпарат жалған. Өзіңіз туралы құпия ақпаратты жалған сайттарда қалдырмаңыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы