Қазақстандықтардың қаражаты мен мүлкін иемденген түркиялық Черногорияда ұсталды
Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың маусымына дейін ер адам Қазақстандағы ЖШС-лердің бірінің директоры бола отырып, пайдакүнемдік ниетпен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған. Ол басқа ЖШС-лерге тиесілі қаражат пен мүлiктi иемденген, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Келтірілген жалпы шығын 5 миллиард теңгеден асады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы