Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды
Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің 56 адамнан тұратын екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен 8 ақпанда Газиантеп қаласына жетті, - делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам - 42 Қазақстан азаматы және 22 Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды.
Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 12 мыңнан асты
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы