Қазақстандықтардың дипломдарына қатысты жаңа заңға қол қойылды

Мемлекет басшысы "жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін аталмыш заңды Сенат мақұлдаған еді. Осылайша Қазақстан дипломдар мен біліктіліктер туралы ақпарат алмасуға арналған өңірлік желіге ресми түрде қосылды.

Бұл Қазақстан азаматтардың дипломдары мен біліктіліктерін Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінде тануға мүмкіндік береді.

Бұл студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жеңілдетіп, алған мамандық бойынша шетелде жұмысқа орналасуға жол ашады. Конвенцияға Ауғанстан, Армения, Австралия, Қытай, Фиджи, Ватикан, Жапония, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Ресей, Түркия және Оңтүстік Корея мүше.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы