Қазақстандықтардың депозиттері неге азайды?
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтарында депозиттердің көлемі қысқарды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жазды, хабарлайды BAQ.KZ.
Сарапшылардың айтуынша, бұл маусымдық факторлар мен шетел валютасындағы депозиттердің қайта бағалануына байланысты.
Негізгі өзгерістер:
- Заңды тұлғалардың депозиттері 2,3%-ға азайып, 18,3 трлн теңгені құрады.
- Жеке тұлғалардың депозиттері 2,0%-ға төмендеп, 22,1 трлн теңге болды.
- Ұлттық валютадағы депозиттер 2,4%-ға азайып, 31,2 трлн теңгеге жетті.
- Шетел валютасындағы депозиттер 1,4%-ға қысқарып, 9,2 трлн теңгені құрады.
- Долларлану деңгейі 2025 жылдың басындағы 22,5%-дан 22,7%-ға өсті.
Депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері:
- Заңды тұлғалар үшін ұлттық валютадағы мерзімді депозиттердің орташа мөлшерлемесі 14,1% (желтоқсанда 14% болған).
- Жеке тұлғалар үшін бұл көрсеткіш 13,5% (желтоқсанда 13,2% болған).
Бұған дейін Қазақстан банктері экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарастырған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жұманғарин қалалардың келбеті нашарлап бара жатқанын айтты
Келесі жаңалық
Шұғыл: Атырауда мұнай ұңғымасы өртеніп жатыр
Өзгелердің жаңалығы