1 сәуірдегі жағдай бойынша, қазақстандықтардың банктік шоттарындағы қаражат бір айда 3,3%-ға, ал бір жылда 7,6%-ға өсіп, 7,6 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ұлттық банк статистикасына сілтеме жасап.
Негізгі өсімді бизнес қамтамасыз етті
Жалпы динамикаға ең үлкен үлесті заңды тұлғалар қосты. Компаниялардың шоттарындағы қаражат бір айда 4,3%-ға өсіп, 5,07 трлн теңгеге жеткен. Жылдық өсім 7,6% болды.
Сонымен қатар компаниялардың теңгедегі шоттары бір айда 2,9%-ға өсіп, 3,19 трлн теңгені құрады. Бір жылда өсім 11,5%-ға жеткен.
Валюталық шоттар бір айда 1,1%-ға артып, 1,88 трлн теңгеге жетті. Ал жылдық көрсеткіш бойынша заңды тұлғалардың валюталық қаражаты небәрі 1,6%-ға ғана өзгерген.
Халықтың қаражаты баяуырақ өсуде
Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары біршама баяу өсім көрсетті: бір айда 0,8%-ға, бір жылда 7,2%-ға артқан. Нәтижесінде халықтың шоттарындағы қаражат көлемі 2,52 трлн теңгеге жетті.
Оның ішінде ұлттық валютадағы қаражат бір айда 1,5%-ға өсіп, 2,05 трлн теңгені құрады. Жылдық өсім 5,7% болды.
Ал шетел валютасындағы қаражат айтарлықтай өсім көрсеткен. Бір айда небәрі 0,8%-ға, яғни 478 млрд теңгеге дейін артқанымен, жылдық көрсеткіш 16,2%-ға ұлғайған.
Тағы оқи отырыңыздар: Алтын, доллар немесе теңге: Артық ақшаны қалай жинаған дұрыс?