19 Қараша 2026, 08:11 Фото: depositphotos.com

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады?

Желтоқсан айында демалыс күндерін ауыстыру қарастырылмаған.

2026 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтарды Тәуелсіздік күніне орай бір қосымша демалыс күні күтіп тұр. Мемлекеттік мереке 16 желтоқсанда атап өтіледі. Биыл бұл күн сәрсенбіге сәйкес келеді.

Сондықтан 16 желтоқсан бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында еңбек ететін азаматтар үшін демалыс болады.

Желтоқсан айында демалыс күндерін ауыстыру қарастырылмаған. Қалған демалыс күндері әдеттегі кестеге сәйкес келеді.