21 Қыркүйек 2026, 07:20 Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандықтар триатлоннан Азия ойындарында үздік ондыққа енді

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында триатлоннан аралас эстафета бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Диана Ержанова, Арлан Жаңабай, Егор Крупяков және Аида Кимнен құралған Қазақстан құрамасы 1:31:45 нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 7-орын алды.

Алтын жүлдені 1:25:54 нәтижемен Қытай құрамасы иеленді. Жапония (1:26:45) екінші, Гонконг (1:27:25) үшінші орын алды.

Бұған дейін Арлан Жаңабай триатлоннан Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы алғашқы қола жүлдесін жеңіп алған еді.

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының 558 спортшысы 35 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.