Қазақстандықтар табысының жартысын азық-түлікке жұмсайды – депутат

Бұл туралы «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын талқылау барысында Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстандықтардың табысы төмен болғандықтан және инфляцияның салдарынан шығыстарының 50 пайызын тек азық-түлікке жұмсайды. Бұл азаматтардың ақша жинауын былай қойып, басқа қажеттіліктеріне ақшасы жетпейді деген сөз. Өңірлік теңсіздік әлі де байқалады, - деді депутат.

Тәкиев өз сөзінде халықтың жартысы қаражат жетіспеушілігіне тап болып отырғанын да айтып, жұмыс істейтін кедейлерге тоқталды.

Тұрақты жұмыс істейтін азаматтарды айтар болсақ, олардың саны екі миллионнан асады. Оның 64 пайызы жұмыс істейтін кедейлер қатарына жатады. Демек олардың жалақысы 100 мыңға да жетпейді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архив
Өзгелердің жаңалығы