Қазақстандықтар шай ішуді азайтты

Қазақстанда қара шайды тұтыну төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылғы ІІ тоқсанда жан басына шаққандағы көрсеткіш орташа есеппен 307 г құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі деңгейден 5%-ға төмен және 2025 жылғы қаңтар-наурыз деңгейлерінен 7%-ға төмен, - деп жазылған Бірінші кредиттік бюро хабарламасында.

Кестеден соңғы жылдар бойы көрсеткіш айтарлықтай дәйекті түрде төмендегенін көруге болады. 2015 жылдың маусым айымен салыстырғанда қара шайды тұтыну 44%-ға төмендеген.


Сарапшылардың айтуынша, қара шайды тұтыну азайғанымен, көк шайды тұтыну артпаған. 

Осы орайда "шайды кофе алмастырды ма?" деген сұрақ туындайды.

Бірақ, ресми деректер соңғы жылдары тек еритін кофені тұтыну тұрақты түрде өсіп келетінін көрсеткен. Бұл қазақстандықтардың кофеге бет бұра бастағанын жанама түрде ғана байқатады.

Мамандардың зерттеуі тек үйде тұтынылатын сусындарға негізделген. Бұл жерде қоғамдық тамақтану орындары ескерілмеген. Яғни, кофеханалар мен кафелерде ішілген кофе мұнда жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы