Бүгiн 2026, 13:41
Фото: ©BAQ.KZ коллажы
Қазақстандықтар қарыз алуды азайта бастады
Тұтынушылық кредиттеу қарқыны екі есеге жуық баяулаған.
Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсу қарқыны айтарлықтай баяулаған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, халықты кредиттеу анағұрлым теңгерімді сипат ала бастаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сәуір айында кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсімі 10,7%-ды құрады. Ал 2024-2025 жылдары бұл көрсеткіш шамамен 20% деңгейінде болған, – деді ол.
Ұлттық банк мұны тұтынушылық сұраныстың қалыпқа келуімен байланыстырады.
Сонымен қатар бөлшек сауда өсімі де баяулаған. Қаңтар-сәуір аралығында бөлшек сауда көлемі нақты мәнде 3,4%-ға артқан.