22 Қазан 2026, 19:25 Фото: Жасанды интеллект

Қазақстандықтар қарашада қанша күн демалады?

 

2026 жылдың қараша айында Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан 5 күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар сенбі және жексенбі күндері ғана демалады.

Қараша айында ел азаматтарын 9 демалыс күні күтіп тұр.

Бұл айда бірқатар кәсіби және басқа да мерекелер бар. Бұл күндері жұмыс немесе демалыс болуына қарамастан, тиісті сала өкілдерін құттықтауға болады.

Қарашадағы кәсіби мерекелер

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес, қараша айында мынадай кәсіби мерекелер атап өтіледі:

  • 5 қараша – Сыртқы барлау күні;

  • 8 қараша – Статистика күні;

  • 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні;

  • 15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі;

  • 15 қараша – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні (қарашаның үшінші жексенбісі);

  • 21 қараша – Бұрғылаушы күні (қарашаның үшінші сенбісі).

Қарашадағы халықаралық күндер
 
Бұдан бөлек, қараша айында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен және халықаралық деңгейде атап өтілетін бірқатар күн бар.
  • 2 қараша – Журналистерге қарсы қылмыстар үшін жазасыздықты тоқтатудың халықаралық күні;

  • 4 қараша – Дүниежүзілік ЮНЕСКО күні;

  • 5 қараша – Цунами қаупі туралы хабардарлықтың дүниежүзілік күні, Қамқоршылардың халықаралық күні және Ром тілінің дүниежүзілік күні;

  • 6 қараша – Соғыс және қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны пайдаланудың алдын алудың халықаралық күні;

  • 10 қараша – Дүниежүзілік ғылым күні;

  • 12 қараша – Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні;

  • 14 қараша – Дүниежүзілік сапа күні, Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні және мәдени құндылықтардың заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күні;

  • 15 қараша – Сегіз миллиард адам күні;

  • 16 қараша – Халықаралық толеранттылық күні және Дүниежүзілік мұраның халықаралық күні;

  • 17 қараша – Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың дүниежүзілік күні;

  • 18 қараша – Ислам өнерінің халықаралық күні;

  • 19 қараша – Дүниежүзілік дәретхана күні және балаларға қатыгездік көрсету мен оларға қамқорлық жасамаудың алдын алудың дүниежүзілік күні;

  • 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні және Африканы индустрияландыру күні;

  • 21 қараша – Дүниежүзілік телевидение күні және Халықаралық философия күні;

  • 25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. Сондай-ақ осы күні «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы басталады;

  • 29 қараша – Палестина халқымен ынтымақтастықтың халықаралық күні және Халықаралық ягуар күні;

  • 30 қараша – Химиялық соғыс құрбандарын еске алу күні.

Осылайша, 2026 жылдың қараша айында қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасы кезінде 9 күн демалады. Ай ішінде қосымша мемлекеттік мерекелер мен ресми демалыс күндері қарастырылмаған.

Бұған дейін қазақстандықтардың қазан айында неше күн демалатынын жариялаған болатынбыз.