Қазақстандықтар қалай "шала байып" кете алады?
Елімізде 4 азамат Ресей мен Қырғызстанда жинақтаған еңбек өтілі негізінде өмір бойына тағайындалатын зейнетақысын алуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) таратқан мәліметке сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың 94 азаматы Қазақстанда зейнетақы төлемдерін рәсімдеген.
Айта кетерлігі, соңғы үш жылда Қазақстанда ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттарына 82 845 зейнетақы шоты ашылған.
Ескеретін жайт, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО-ға мүше елдердің азаматтары жұмыс істеген мемлекетінде жергілікті тұрғындармен тең дәрежеде зейнетақы алуға құқылы. Бұл 2019 жылғы 20 желтоқсанда қол қойылған "ЕАЭО еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің" негізінде жүзеге асырылуда.
Әр ел өз аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін зейнетақы төлейді. Яғни 2021 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі еңбек өтілі есепке алынады.
Егер бір елде еңбек өтілі жеткіліксіз болса, басқа ЕАЭО мемлекеттеріндегі жұмыс тәжірибесі де ескеріледі. Басты талап – ресми жұмысқа орналасу.
Еңбек өтілін растау және кеңес алу үшін БЖЗҚ немесе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінуге болады.