Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда қашан заңды түрде жұмыс істей алады

Қазақстан Республикасының азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы құжат әзірледі.

Министлік жоба әзірлеп, ол бұрын мемлекеттік органдармен келісіліп, Сыртқы істер министрлігі арқылы кореялық тарапқа келісу үшін жіберілді. Меморандум қазір Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігінде қаралып жатыр. Жобаны одан әрі ілгерілету Оңтүстік Корея тарапынан мақұлданғаннан кейін жалғасады, - деп айтты Еңбек министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com/ru
Өзгелердің жаңалығы