Қазақстандықтар неге жаппай еуро сатып алып жатыр

2025 жылдың ақпан айында Қазақстандағы айырбастау пункттерінде еуроның нетто-сатылымы 33,1 млрд теңгеге жетті, бұл қаңтар айымен салыстырғанда 5,2%-ға төмен. Алайда 2024 жылдың ақпанымен салыстырғанда, сату көлемі 1,5 еседен астам өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қыс айларында еуроның ай сайынғы нетто-сатылымы тұрақты түрде 33 млрд теңгеден асып отырды, ал 2024 жылы мұндай көрсеткіш тек сәуірде (33,4 млрд теңге) ғана тіркелген.

2024 жылы айырбастау пункттерінің орташа айлық нетто-сатылымы 17,3 млрд теңгені құрады. Жалпы, 2024 жылы қаңтар–желтоқсан аралығында еуроның нетто-сатылымы 207,3 млрд теңге болды, бұл 1 жыл бұрынғыдан 3,5%-ға аз. Бұл көрсеткіш үшінші жыл қатарынан төмендеп келеді.

2025 жылдың қаңтар–ақпан айларында нетто-сатылым 68,1 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 еседен астам өсті.

Өңірлер бойынша көрсеткіштер

Еуроның оң нетто-сатылымы Қазақстанның 20 өңірінің 19-ында тіркелді. Тек Ұлытау облысында сатылым теріс көрсеткішке ие болды — минус 3,3 млн теңге.

Ең жоғары сатылым көлемі:

  • Астана — 24,5 млрд теңге
  • Алматы — 17 млрд теңге
  • Шымкент — 6 млрд теңге

Еуро бағамының динамикасы

2025 жылдың наурыз айының соңында еуроның ресми бағамы 542,08 теңгеге жетіп, айдың басындағы бағамнан 4,4%-ға жоғары болды.

Наурыз айында орташа бағам 538,2 теңгені құрады, бұл ақпан айымен салыстырғанда 2,2%-ға жоғары.

2024 жылы еуроның орташа бағамы 507,86 теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсті.

Еуро бағамы екінші жыл қатарынан өсіп келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы