Қазақстандықтар нан мен жармадан бас тартып, жемістерді көп пайдаланатын болған
Қазақстандықтар нан мен жарма өнімдерін аз тұтына бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандықтар нан мен жарма өнімдерін аз тұтына бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылдың I тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың азық-түлік тұтынуы бойынша ең көп төмендеу нан мен жарма өнімдері – 5,8%, балық пен теңіз өнімдері бойынша байқалды – 2,3%.
Керісінше, келесі өнімдерді тұтыну көрсеткіші өскен: жұмыртқа – 6,6%-ға, жемістер – 2,8%-ға, қант пен кондитерлік өнімдер – 2,6%-ға.
Бұдан бұрынғы кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (16,8%), нан өнімдері мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.
Есепті кезеңде ең аз қамтылған халықтың 10% қамтылған халықтың 10%-мен салыстырғанда көкөністерді, балық және теңіз өнімдерін 4 есе, ет және ет өнімдерін 3,7 есе, сүт және сүт өнімдерін 3,2 есе аз тұтынған.
Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында – 22,9 кг (жан басына шаққанда тоқсанына), ең төмені Шымкент қаласында – жан басына 15 кг.
Нан мен жарма өнімдері бойынша, егер Қазақстанда 1-тоқсанда жан басына шаққанда 30,6 кг тұтынылса, ең жоғары тұтыну Түркістан облысында – 41,1 кг, ең төмен тұтыну Алматы қаласында – 24,3 кг.