21 Мамыр 2025 2025, 10:37
Фото: egov.kz
Қазақстандықтар маусымда неше күн демалады?
2025 жылдың маусым айында қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндеріне қосымша бір күн қосымша демалыс алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылдың маусым айында қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндеріне қосымша бір күн қосымша демалыс алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаздың алғашқы айында мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі — Құрбан айт аталып өтеді. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға, жұма күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
- 6 маусым (жұма) – Құрбан айт күні демалыс
- 7 маусым (сенбі) – демалыс
- 8 маусым (жексенбі) – демалыс
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
- 6 маусым – демалыс
- 7 маусым – жұмыс күні
- 8 маусым – демалыс
Сонымен қатар, маусым айындағы жалпы демалыс күндері: 1 маусым, 6, 7, 8 маусым, 14, 15 маусым, 21,22 маусым, 28,29 маусым.
Осылайша, 2025 жылдың маусым айында қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады.
Айта кетсек, бұған дейін биыл Құрбан айт қай күнге түсіп тұрғанын хабарлаған болатынбыз.