Бүгiн 2026, 12:19 Фото: BAQ.KZ архиві

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

2026 жылдың мамыр айы қазақстандықтар үшін мерекелерге толы әрі демалыс күндері көп кезең болмақ.

Бұл айда елде төрт бірдей мемлекеттік мереке атап өтіледі, соның нәтижесінде жұмыс күндері қысқарып, демалыс уақыты ұлғаяды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алғашқы мереке – 1 мамыр, Қазақстан халқының бірлігі күні. Ол жұмаға сәйкес келгендіктен, бес күндік жұмыс аптасымен істейтіндер қатарынан үш күн - 1, 2 және 3 мамырда демалады.

Келесі мереке – 7 мамыр, Отан қорғаушылар күні. Бұл күн бейсенбіге түсіп тұр, сондықтан бір күндік ресми демалыс беріледі.

9 мамыр – Жеңіс күні биыл сенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылып, қазақстандықтар 9, 10 және 11 мамыр аралығында үш күн қатарынан тынығады.

Сонымен қатар, 27 мамырда Құрбан айт мерекесіне байланысты қосымша демалыс қарастырылған. 2026 жылы бұл күн сәрсенбіге сәйкес келіп отыр.

Жалпы есептегенде, бес күндік жұмыс кестесі бойынша мамыр айында 14 күн демалыс болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында істейтіндер үшін демалыс күндерінің саны 12 күнді құрайды.