Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады?
Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл Конституция күні 30 тамыз сенбіге сәйкес келеді.
ҚР "Мерекелер туралы" Заңына сәйкес, егер мереке күнтізбедегі демалыс күніне түссе, онда демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Осыған сәйкес, 30 тамыз сенбіге сәйкес келгендіктен, 1 қыркүйек - ресми демалыс күні болады.
Осылайша, аптасына бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан: сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады (30 тамыз, 31 тамыз, 1 қыркүйек).
Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін мерекелік демалыс екі күнмен шектеледі. Ол күндер сенбі және жексенбі (30 тамыз, 31 тамыз).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президенттің сынынан кейін Алакөл жағасында шұғыл жиын өтті
Өзгелердің жаңалығы