Бүгiн 2026, 19:56 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстандықтар көбіне неден көз жұмады: Елдегі өлім-жітімнің басты себептері белгілі болды

Сарапшылардың айтуынша, өлім-жітім құрылымында созылмалы аурулар басым.

Қазақстанда өлім-жітімнің негізгі себебі бұрынғыдай қан айналымы жүйесінің аурулары болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда 134,7 мың адам қайтыс болған.
 
Сарапшылардың айтуынша, өлім-жітім құрылымында созылмалы аурулар басым.
 
Өлім себептерінің құрылымында мына ауру түрлері алдыңғы орында тұр:
 
•қан айналымы жүйесінің аурулары – 22,5%;
•жүйке жүйесінің аурулары – 17,8%;
•қатерлі ісіктер (жаңа түзілімдер) – 10,4%;
•тыныс алу органдарының аурулары – 10,2%;
•ас қорыту жүйесінің аурулары – 8,1%;
•жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланулар – 7,2%.
 
Сондай-ақ балалар өлімі мәселесіне де ерекше назар аударылып отыр.
 
2025 жылы 5 жасқа дейінгі 2715 бала, ал 1 жасқа дейінгі 1992 сәби көз жұмған.
 
Есепті кезеңде нәресте өлімінің коэффициенті мың тірі туған балаға шаққанда 5,85 жағдайды құрады.