Қазақстандықтар интернет арқылы қандай тауарларды жиі сатып алады? Министр жауап берді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елімізде интернет-дүкен арқылы қандай тауарлар жиі сатылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2022 жылдың қорытынды бойынша Қазақстанда электрондық сауданың үлесі 12,5% болып, 1 млрд 963 млн теңге болды. Интернет арқылы өткізілген негізгі тауарлар – үй тауарлары, киім және аяқ киім, тамақ өнімдері, косметика, дәрі-дәрмектер, - деді Шаққалиев.
Шаққалиевтің мәлімдеуінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша электронды сауда қызметтер нарығының көлемі 1,2 трлн теңге болды. Оның 50,3% жолаушыларды тасымалдау қызметіне тиесілі.
Былтыр 11 айда электронды сауда көлемі шамамен 2 трлн 183,1 млн теңге немесе бөлшек көлемінен 13% (16 мрлд 793,1 теңге) болды, - деді министр Үкімет отырысында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 11 жастан асқан қыздарға HPV-ға қарсы екпе салынады
Өзгелердің жаңалығы