Қазақстандықтар интернет алаяқтарға 13 млрд теңге берген

Қазақстандықтар интернет алаяқтарға 13 млрд теңге берген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену қылмысы жиілеп кеткен.

Жыл басынан бері азаматтарды интернет арқылы алдауға байланысты 15,5 мың қылмыс тіркелді. Алаяқтардың әрекеті нәтижесінде азаматтарға 13 млрд теңге сомаға залал келтірілді. Әлі де ең көп таралған әдіс – бұл онлайн-сауда. Онлайн саудамен байланысты 7 мың алаяқтық жасалды. Банктерде және микрокредиттік ұйымдарда жалған онлайн-қарыздарды рәсімдеудің 1 600 фактісі тіркелді, - деп атап өтті ороталық басшысының орынбасары.

Айта кетерлігі, бір жыл ішінде 1200 қазақстандық осындай схемалардың құрбаны болған.

Олар өз ақшаларын жұмыс істемейтін инвестициялық жобаларға салды. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда осы мақсаттар үшін несиелер рәсімделді. Жеңіл ақшаны іздеймін деп, олар жинақтарын жоғалтты. Алаяқтар ірі компаниялардың, соның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы азаматтарды қызықтырады. Бұл ретте «менеджерлермен» және «брокерлермен» барлық қарым-қатынас онлайн-режимде, оның ішінде мессенджерлер арқылы өтеді. Кейбір жағдайларда алаяқтар үлкен соманы тарту үшін дивидендтерді бір реттік төлеуді жүзеге асырады. Фишингтік сілтемелерді жіберу арқылы азаматтардың шоттарынан 1 мың алаяқтық ұрлық жасалды, - деді Рүстем Дүйсетаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы