Қазақстандықтар ертең Израильден ұшып келе алады

10 қазанда "Эйр Астана" әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 10 қазанда "Эйр Астана" әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту бойынша Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы-Тель – Авив-Алматы бағыты бойынша КС–6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр. Алматы қаласынан ұшу сағат 8:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта "Эйр Астана" әуе компаниясының ақпараты бойынша Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан әуежайға рейстің келу және ұшу уақытын келісуі күтілуде.

Барлық сұрақтар бойынша әуе компанияның help.airastana.com қолдау орталығына хабарласу қажет, тел.: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев - архив
Өзгелердің жаңалығы