Қазақстандықтар денсаулық көрсеткіштерін смарт-сағат арқылы бақылай алады
Қазақстандықтар енді Samsung компаниясының смарт-сағаттарында орнатылған денсаулық жағдайының жекелеген көрсеткіштерін мониторингтеу функцияларын пайдалана алады. Бұған дейін олар республика аумағында болмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл функциялар жүрек-қантамырларының көрсеткіштерін инвазивті емес бақылауға, соның ішінде электрокардиограмманы тіркеуге және қан қысымын өлшеуге мүмкіндік береді.
Аталған функцияларды қолдану денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақталған жағдайда 2026 жылдан бастап мүмкін болады.
Бұл ретте тағылатын құрылғылардан алынған деректер көмекші сипатқа ие және денсаулық жағдайын өзін-өзі бақылау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.
Олар медициналық маманның консультациясынсыз диагноз қоюға, емдеуді тағайындауға немесе медициналық бақылау тәсілін өзгертуге негіз бола алмайды. Денсаулық сақтау министрлігі тағылатын цифрлық құрылғылар медициналық тексеруді алмастырмайтынын және диагностика мен емдеу мәселелері денсаулық сақтау ұйымдарының құзыретіне жататынын ескертеді.