Қазақстандықтар біртұтас қоғам ретінде жақсы өзгерістерге дайын екенін көрсетті – Жұмырбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев референдумды қоғамдық қолдаудың республикалық штаб мүшелерінің брифингінде айтты. 

Біздің қолымызда референдумның алдын ала нәтижелері бар. Ол қазақстандықтардың басым бөлігі Конституцияға енгізілген өзгерістерді қолдайтынын көрсетеді. Бұл референдум біз үшін тарихи оқиға. Қазақстандық қоғам жас бойынша әлдеқайда жас. Жастар мен орта буын өкілдері алғаш рет референдумға қатысты. Кешегі референдум  жастар елдегі жаңарту, жаңғырту жұмыстарына белсенді араласатынын көрсетті. Кеше біздің жастар саяси сауаттылық бойынша емтихан тапсырды десек те болады, - деді Жұмырбаев. 

Ол атағандай, бұл емтиханды жастар өте жоғары балға тапсырды. 

Референдум учаскелерінде жастардың өкілі өте көп болды. Жастардың қоғамдық ұйымдары да жоғары белсенділік танытты. Қазақстандық жастар еліміздің өзгеруіне белсенді қатысқысы келеді. Конституцияға ұсынылған өзгерістер жастардың барлық санаттағы  саяси процеске қатысуын қарастырып отыр. Бүгінде елімізде болып жатқан барлық өзгерістің нәтижесіндегі игілікті  бүгінгі және болашақ қазақстандықтар толыққанды пайдалануы тиіс. Жастар еліміздің болашағы емес, бүгіні, - деді Жұмырбаев. 

Ол атағандай, референдум ұлттық бірік пен азаматтық ынтымақтастықтың жоғары екенін көрсетті. 

Қазақстандықтар біртұтас қоғам ретінде жақсы өзгерістер дайын екенін көрсетті. Қазір басталып жатқан даңғыл жолды баршамыз бірге жүріп өтуіміз керек, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы