Қазақстандықтар балаларына сайлау мәдениетін үйретіп жатыр - шетелдік байқаушы
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бас хатшысының орынбасары Чин Фан еліміздегі сайлау жаңа мәдениет түрін қалыптастыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Чин Фан сайлау барысы демократиялық деңгейдің өскенін көрсеткенін айтты.
Халықтың сайлауға белсенді баруы қазақстандықтардың өз балаларын сайлауға деген мәдениеті мен ойын ерте жастан қалыптастырғысы келетінін көрсетеді. Келешекте олардың өзіндік ойы болғанын қалайды, - деді Фан орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ спикер науқанға жастардың белсенділігіне қатысты пікірін айтты.
Шынымды айтсам, өзім аралаған учаскелерде жастарды көп көрмедім, көбі ересек тұрғындар болды. Бірақ кейбірі отбасыларымен келгенін байқадым. Жастар түстен кейін дауыстарын көптеп береді деген ойдамын, - деді Чин Фан.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бас хатшысының орынбасары Чин Фан бұған дейін Қазақстанда жылдан жылға демократия деңгейі артып келетінін айтқан еді.