Қазақстандықтар Ақтаудан Дубайға тікелей әуе рейсімен ұша алады
Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтаудан Дубайға жаңа тікелей әуе рейсін іске қосатынын хабарлады, деп жазады BAQ.KZ әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл бағыт қазақстандық саяхатшылар үшін қарқынды дамып келе жатқан жарқын қаланы тамашалауға тамаша мүмкіндік болмақ.
Алғашқы рейстер 2025 жылдың 29 қарашасында басталып, әзірге аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады. Бұл қысқа әрі жайлы демалыс сапарын жоспарлап жүрген жолаушылар үшін қолайлы кесте саналады.
Алдағы айларда, яғни қысқы каникул мен көктемгі мерекелер кезінде, рейстер саны артып, қосымша сейсенбі күнгі ұшулар енгізіледі. Ұшу уақыты шамамен 3,5 сағатты құрайды. Күндізгі кесте бұл бағытты отбасылық және демалыс сапарларына өте ыңғайлы етеді.
Айта кетейік, БАӘ-де қазақстандықтар үшін визасыз режим қолданылады — ел азаматтары бұл мемлекетте 30 күнге дейін визасыз жүре алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Димаш Құдайберген Нью-Йорк төрінде жеке концертін өткізді
Өзгелердің жаңалығы