Қазақстандықтар алтын сатып алуды азайтты: сатылым көлемі 9 есе төмендеген
Қазақстанда алтын сатып алушылардың қатары күрт азайды. 2025 жылдың екінші жартысында алтын сатып алған азаматтар саны алғашқы жартыжылдықпен салыстырғанда 2,2 есе азайған. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро сарапшылары мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Мамандар мұны Ұлттық банктің есеп жүргізу әдісін өзгертуімен байланыстырып отыр. Бұған дейін статистика тек банктер мен айырбастау орындары сатқан құйма алтынның көлемін ғана қамтыған. Ал қайтарылған (қайта сатылған) алтындар есепке алынбай келген. Енді жаңа тәсіл бойынша сатылған және қайтарылған құймалар бірдей ескерілетін болды.
Жаңартылған есептің нәтижесінде алтын сатылымының нақты көлемі тоғыз есеге дейін азайып кеткені белгілі болды. Сарапшылар бұл көрсеткіштер азаматтардың инвестициялық мінез-құлқы өзгергенін көрсетеді дейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Индонезиядағы Левотоби Лаки-Лаки жанартауы қайта оянды
Өзгелердің жаңалығы