Қазақстандықтар Алматыдан Сочиге ұша алады

Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады.

Осылайша, «Азимут» әуе компаниясы 2023 жылғы 28 маусымнан бастап Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды, - деп жазылған хабарламада.

Тасымалдау «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалады.

Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы