3 Маусым 2024 2024, 16:40 Фото: pixabay.com

Қазақстандықтар алаяқтарға миллиард жұмсаған

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елімізде интернет-алаяқтық кең таралып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елімізде интернет-алаяқтық кең таралып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 4 айдың өзінде елімізде 6,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Азаматтарға 11 миллиард теңгеден астам сомаға шығын келтірілді, - деді Алекешев ІІМ-де өткен брифингте.

Оның сөзінше, қауіпті алаяқтықтың түрі интернет-сауда арқылы жасалады.

Интернет-сауда тауарлар мен қызметтерді сатып алудың ыңғайлы және танымал тәсіліне айналды. Алайда алаяқтар жалған хабарландыру орналастыру арқылы мұны өздерінің пайдалары үшін қолдануда. Қаскөйлер тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлемді алып, артынан жоқ болып, тұтынушыны дымсыз қалдырады. Жыл басынан бері осындай 2 700-ден астам факт тіркелді, - деді Шыңғыс Алекешев.