14 Қазан 2026, 11:20 Фото: Bereke Bank

Қазақстандықтар 2 млн теңгеге дейінгі соманы 36 айға бөліп төлей алады

Bereke Bank арнайы ұсыныс аясында Alğa картасы бойынша бөліп төлеу мерзімін 36 айға дейін ұзартты. Карта бойынша лимит 2 млн теңгеге дейін белгіленген.  

Бөліп төлеу енді тек тоңазытқыш немесе теледидар сатып алумен шектелмейді. Бүгінде оның көмегімен әуе билеттерін сатып алуға, оқу ақысын төлеуге, спорттық абонементтерді рәсімдеуге, гаджеттер мен балаларға арналған тауарларды және басқа да қажетті заттарды алуға болады. Клиенттердің өзгеріп жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, Bereke Bank Mastercard төлем жүйесі негізінде Alğa картасын іске қосты. Бұл картаны Қазақстанда, сондай-ақ шетелде (банк карталары қолданылатын жерлерде) пайдалануға болады.

Көбіне бөліп төлеу серіктес дүкендер желісіне байланысты болады, ал Alğa басқаша жұмыс істейді. Бұл картамен жиһаз, тұрмыстық техника мен электроникадан бастап, саяхат, білім, фитнес, автотауарлар мен күнделікті шығындарға дейінгі алуан түрлі тауарлар мен қызметтер ақысын төлеуге болады.

Бөліп төлеудің стандартты мерзімі – 6 ай, ал арнайы ұсыныс аясында 6, 12, 24 немесе 36 ай мерзімдері қолжетімді. Бұл қомақты шығындарды ұзақ уақытқа бөліп төлегісі келетіндер үшін өте ыңғайлы.

Mastercard базасындағы Alğa картасын Қазақстаннан тыс жерде де, соның ішінде шетелдік интернет-дүкендерде сауда жасау және саяхат кезіндегі қызметтер ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.

Bereke Bank сатып алу үрдісінің айтарлықтай өзгергенін атап өтті: қазір бөліп төлеу тек техника мен жиһазға ғана емес, саяхат, білім алу, күнделікті шығындар мен басқа да санаттарға жиі қолданылады. Сондықтан Alğa картасы жекелеген дүкендермен шектелмейтін, кез келген жерде қолдануға ыңғайлы әмбебап құрал ретінде жасалды.   

Бөліп төлеу карталары сияқты икемді төлем құралдары адамдарға өз шығындарын жоспарлауға және жеке бюджетін тиімді басқаруға көмектеседі. Клиенттер картаның Қазақстанда да, шетелде де бірдей ыңғайлы болғанын қалайды. Mastercard-тың жаһандық инфрақұрылымы дәл осы мүмкіндікті қамтамасыз етеді, карта иесі қай елде болса да, оны қауіпсіз әрі кедергісіз қолдана алады, - деп атап өтті Санжар Жамалов, Mastercard-тың Қазақстан мен Орталық Азиядағы бас директоры.

Карта бойынша кредит лимиті 2 000 000 теңгеге дейінгі соманы құрайды және әр клиентке жеке белгіленеді.

Кредиттік қаражат есебінен ақша аударымдарын жасағанда және қолма-қол ақша алған кезде бөліп төлеу мүмкіндігі қолданылмайды. Пайыздық мөлшерлеме айына 3,17%-ды немесе жылына 38%-ды (СЖТМ – 46%-ға дейін) құрайды.

Alğa картасымен тек бөліп төлеп қана қоймай, өз ақшаңызды аудару немесе қолма-қол алу сияқты үйреншікті операцияларды да жасауға болады. Шарттары мен комиссиясы операция түріне, сомасына және ақшаның қайдан алынғанына байланысты.

Картамен сауда жасағанда 7% кешбэк беріледі (айына 30 000 теңгеге дейін). Жинақталған кешбэкті кредит қарызын өтеуге жұмсауға болады.

Картаны толықтай онлайн, шамамен бес минутта рәсімдеуге болады. Өтінім мақұлданғаннан кейін виртуалды карта Bereke Bank мобильді қосымшасында бірден пайда болады. Онда төлем кестесі, операциялар тарихы, қарыз қалдығы және мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі көрсетіледі.

Alğa картасын Қазақстан Республикасының азаматтары да, елімізде тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер де рәсімдей алады. Карта мен кредит лимитінің қолданылу мерзімі – 5 жылға дейін.

Бөліп төлеудің жаңа шарттарымен қатар, Bereke Bank «Alğa – кез келген жағдайға дайынбыз» акциясын іске қосты. Оған қатысушылар MacBook, iPhone және AirPods ұтып ала алады, ал бас жүлде – Geely Galaxy EX5 EM-I 2026 автокөлігі.

Alğa картасын Bereke Bank мобильді қосымшасында немесе банк сайтында рәсімдеуге болады. Толық шарттары мына сілтемеде.

Банктік және басқа операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 07.10.2026 берген №1.1.914.151 лицензия (әмбебап банктік лицензия)