Қазақстандықтар 10 млн доллар байлықтан айырылып қалды

Активтерді қайтару жөніндегі комитеті 10 млн доллардан астам түсініксіз байлыққа қатысты алғашқы сот актісінің орындалғаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазақстандықтан активтерді сатып алу көздерінің заңдылығын талдау шеңберінде онымен үлестес тұлғалардан қайдан шыққаны белгісіз активтер анықталған.

Биыл активтерді қайтару жөніндегі комитет 10 млн АҚШ долларынан астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берген. Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады. Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырды, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды, - делінген хабарламада.

Cот шешімін орындау аясында мемлекет кірісіне қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше тамыры сақ дәуірінен бастау алатын тарихи-мәдени мұра заттары айналдырылды.

Бұл жағдайда активтерді мәжбүрлеп қайтару механизмі қолданылғанына қарамастан, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңның негізгі қағидаты және болып қала береді, - деді комитетте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы