Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер Үндістандағы Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Сондай-ақ командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды.

Қазақстан — 190.1663

Таиланд — 154.5151

Өзбекстан — 141.1051

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова және Виктор Друзин қорғады.

Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша Қазақстан көркем жүзуден жалпы 11 медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, жеті алтын, екі күміс және екі қола. Осылайша, Қазақстан спортшылары Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы