Қазақстандық жүзгіштер Азия ойындарында финалға жолдама алды

Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин бүгін түнде 100 метрге еркін жүзуден финалда сынға түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол қашықтықты 49,18-де бағындырып, екінші орын алды.

Сондай-ақ, 100 метрге брасс әдісімен жүзудің алғашқы кезеңінде 31,28 нәтиже көрсеткен Аделаида Пчелинцева да шешуші кезеңде бақ сынайды.

200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Диана Тасжанова жарысты аяқтады. Бастапқы кезеңде ол 2:16:34-те жүзіп, сегіз финалисттің қатарынан қалып қойды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы